Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ақпараттар

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған ақпарат   

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

      Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы  13.12.2016ж. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Еркіндігі елімнің-Тәуелсіздік!» тақырыбында үлкен және кіші топ балаларына  ертеңгілік  өткізді. Мерекенің ашылуы ҚРның гимнімен басталды және слайт арқылы Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы қысқаша тарих баяндалды. 

     Мерекеде    балалар патриоттық әндер мен тақпақтар айтты, қазақша би билеп  өздерінің өнерлерін көрсетті. Ертегідегі Саққұлақ, Таусоғар мен Желаяқ  кейіпкерлері  ертегіні  қысқаша сомдады.  Қарт әже келіп балаларға батасын беріп шашу шашты.  Балалар  орталықтың мамандарымен бірге қызықты ұлттық  «Асық ату» және «Арқан тартыс» ойындарын  ойнап, мәз-майрам болды. Мерекеге жалпы 32 бала қатысты.  Мереке соңында орталықтың директоры  М.М.Шлыкова  балаларды мерекесімен құттықтап,   келген  қонақтарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Бұл балалар  үшін,  үлкен мереке болды.   

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай флэшмобы өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» шеңберінде 2016 жылдың 05 желтоқсанында Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Ел үшін менің еңбегім» атты флэшмобы өткізілді

 

 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы аясында әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер өткізілді

 

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы аясында басқармада 2016 жылдың 01 желтоқсан күні  сағат 10.00 - 17.00 аралығында әлеуметтік төлемдер және жалпы әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер өткізілді. Кеңеске – 60 адам қатысты.

 

 

 

 

«Мүгедектер күніне» арналған «Күзгі таланттар» мерекесі

           «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» БӘӘ-нің қолдауымен  «Нұр Бала» қоғамдық бірлестігі 18 жастан асқан тірек-қимыл аппаратында ахауы және психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға арналған «Үміт» жобаның аясында 12 қазан 2016 жылы «Мүгедектер күніне» орай «Күзгі таланттар» атты үлкен қайырмдылық кеш ұйымдастырды.

          Мерекелік іс-шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға еркін ортада кездесіп, мерекелік көңіл күй сыйлау болды. «Үміт» жобаның қатысушыларының таланттарын ашуына, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге және қоғамдық ортаға бейімделуіне көмектесу.

           Кешке қатысқан жастар қалалық спартакиадада өздерінің жақсы спорттық деңгейін көрсетті: он екі қатысушы жеңіл атлетика, шашки, аттын үстінде жүру және дарц спортынан жүлделі болды. Жеңіл атлетикадан Барашева Н., дарцтан Абдуллаев М. пен Ынтыкбаев Ж., атпен жүру спортынан Аязбаева Н. мен Модияров К. алтын жүлде алды.

          Мерекелік кеште қалалық спартакиадаға, «Отанымыздың Тәуелсіздігіне 25 - жыл» шығармашылық өнер көрмесіне және «Үміт» жобаға белсене қатысқандары үшін, спорттық және шығармашылық жетістіктеріне барлық  қатысушылар грамотамен марапатталып, естелікке сыйлықтар алды.

          Мерекелік кеш салтанатты вальс биімен басталды. Бағдарламада қызықты ойындар, мүмкіндігі шектеулі жастардың орындауында шығармашылық номерлер: тақпақтар, өлеңдер, ұлттық билер болды. Мереке соңында қатысушылар, ата-аналар және кеш қонақтары «Күз ханзадасы мен ханшайымын» таңдады. Кеш кең дастархан басында жалғасты.

«Күзгі таланттар» мерекесі «Үміт» жобаның қатысушылары өте дарынды, өнерлі екенін тағы бір рет көрсетті. Әлеуметтік бағдарламаның ақыл-есі бұзылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамға бейімделуіне, еркін ортада байланыс құруына және қызықты уақыт өткізуіне көп ықпал етеді. Бұған дәлел осындай мерекелік іс - шаралардың жиі өткізілуі.

 

     

 

«№1 Жүйке  аурулар интернат үйінде»  «Халықаралық мүгедектер » күніне  орай  «Жан жылуы- өмір шуағы» атты қайырымдылық  концерт өткізілді

 

«№1 Жүйке  аурулар интернат үйінде»  «Халықаралық мүгедектер » күніне  орай  «Жан жылуы- өмір шуағы» атты қайырымдылық  концерт өткізілді.
 

       Аталған  іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің  жұмыспен қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының, ардагерлермен  мүгедектермен жұмыс бөлімінің меңгерушісі  Аида Асқарқызы ашып интернат тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

  « №1 Жүйке  аурулар интернат үйінің »  директоры  М.Ә.Бердалиев  қызмет алушыларды аталмыш мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты:  Мүмкіндігі шектеулі, тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға көз қарасымызды салып,  жанына желеу болуға, өмірге деген қызығушылықтарын арттыруға  және де қызмет алушыларға мерекелік  көтеріңкі көңіл- күй сыйлау. Аталған  концерттік бағдарлама  интернат үйінің қызметкерлері мен қызмет алушылардан құралған көркем өнерпаздар мүшелерінің ұйымдастыруыме

н өткізілді.

     Кеш қонақтары: Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін Облыстық орталыққа қарасты  «Бозторғай- Үлгілі» ән-би ансамблі, Жамбыл облыстық фиилармониясының әншілері  «Brais» тобы, және «Асылай» бишілер тобыны өз өнерлерін тарту етті. Интернат үйінің қызмет алушылары  ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан жақсы әсер алып, көтеріңкі  көңіл - күймен тамашалады.

 

    

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде мерекелік іс-шара өткізілд

 

Елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы қазіргі заман, талабына сай туындаған сұрақтарға нақты бағытталған баптарымен құнды. Сол басымдықтарының бірі халықты жұмыспен қамту болып табылады. Оқығанға жай сөз боп көрінгенімен, астарында мемлекеттің әл-ауқаты мен негізі жатыр.
Шындығында әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі аса ауқымды. Олар дүниеге келген сәбиден бастап ақылман қарияларға дейін қамқорлық көрсетіп, өз қызметтерін адалдықпен атқарып келеді. 

     Қазанның соңғы жексенбісі - әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні. Атаулы мерекеге орай,   Ақыл-есі кем балалар интернат үйінде кәсіби мереке аталып өтті. Мекеме ұжымы зейнетінен бейнеті басым ортақ істе талмай еңбек етіп жүрген озық қызметкерлерін марапаттап, сала мамандарын төл мерекемен құттықтады.Мереке соңы қызметкерлердің ән шашуымен жалғасын тапты.

 

 

Вход в систему