Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде мерекелік іс-шара өткізілді

       «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып,  жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. 
    Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. 
    Міне, сондай сауапты істі 2016 жылдың қазанның 7-ші жұлдызында  Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйіне Мүгедектер күні қарсаңында  ТарМПИ білімгерлері, Болашақ  колледжінің білімгерлері,келіп сыйлық жасап,бір сәт болсада қуаныш сыйлады.Интернат үйінің тәрбиеленушілері бұл мерекеге «Жігерлен балақай!» атты мерекелік концерт дайындап,келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, ризашылығын білдірді. Іс-шараның аяғында интернат үйі қызметкерлерінің атынан балаларға үлкен торт сыйланды.